Кинолента Бен Фаунтиннің кітабымен аттас және оқиға Иракта болып қайтқан он тоғыз жастағы жас солдат жайлы. Ғайыптан тайып оның бөлімшесі тірі қалады. Енді оларға промо-тур жасау керек, бұл тур алғыс күні өтетін футбол матчындағы үзіліс кезінде арнайы шоумен аяқталуы тиіс. Бәрі де жақсы, бірақ оларға осыдан кейңн қайта кері қайтуға тура келеді. Басты рөлді тәжірибесі аздау актер Джо Олвин ойнайды. Ал оның тобында ылғи атақты актерлер: Кристен Стюарт, Вин Дизель және т.б. Энг Лидің өзі технологиядағы жетістігін «Жизнь Пи» фильмі арқылы көрсете білді. Оның VFX суретшілері тірі жолбарыс жасап шығарды, тіпті жануарларды үйретушілерді өзі ол жолбасрыстың шынайылығына сеніп қалды. Жаңа жобада да технологияға басымдық берілетін көрінеді. Картина 4К, секундына 120 кадрлық 3D-да түсірілді. Мұндай сапаны көрермендер қалай қабылдайтыны әзірге түсініксіз. Питер Джексонның секундына 60 кадрлық «Хоббиті» аса бағаланған еді.