È

Entertainment Weekly қарапайым адамдарға «Оскар» жүлдесін көру қаншаға түсетінін есептеді

Entertainment Weekly қарапайым адамдарға «Оскар» жүлдесін көру қаншаға түсетінін есептеді

Айталық, сіз «Оскар» жүлдесін тапсыру салтанатына қатысқыңыз келді, атақты жұлдыздармен селфи жасағыңыз келді, 25 мың долларға қызыл кілеммен жүріп көрсем десеңіз, бұған қанша ақша керек?

Entertainment Weekly шамамен есептеп көрді.

Алдымен билет. Барлық билеттерді студиялар сатып алады. Қарапайым адамдар үшін залдан орын алу мүмкін емес. Жақсы таныс керек және кемінде 150-750 долларыңыз болуы қажет.

Смокинг немесе көйлек сатып аласыз немесе прокатқа аласыз. Бұл шамамен 500-ден 3000 долларға дейін. шаш үлгісін жасату шамамен 150 доллар, ал макияж 700 доллар.

Лимузинді жалға аласыз. Басқаша болмайды. Оның бағасы сағатына 100-400 доллар аралығы. «Оскара» жүлдесін тапсыру күні Лос-Анджелесте өте үлкен кептелік болады.

Сонымен бір адамға 10 000 доллар жұмсалады

Қорытынды: ең оңайы танымал адам болу. Өйткені мұндай жағдайда студия сізге орынды тегін береді. Инстаграмда белгілі стилистер туралы жазсаңыз, шаш үлгіңіз бен макияжды да тегін жасап беруі мүмкін. Сондай-ақ костюм мен әшекейлерді дизайнерлер мен зергерлер тегін немесе кепілдікке береді. Ең бастысы сұрағандарға киіміңіз бен әшекейіңізді қайдан алғаныңызды айтып жүрсеңіз болғаны.

Оқыңыз:

«Оскар-2017» салтанатындағы дау Желіге тарап кетті

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер