«European Film Promotion» желісі 70-Канн фестивалінің «Producers on the Move» 18-бағдарламасына қатысатын 20 фильм өндірушілерін атап өтті
70-Канн фестивалінің «Producers on the Move» тобының құрамына литва режиссері Шарунас Бартастың басты рөлде Ванесса Паради ойнаған «Frost» фильмі арқылы танымал поляк продюсері Мария Бличарская және «La Cordillera» атты фильмде аргентиналық режиссер Сантьяго Митермен бірге қосалқы продюсер атанған француз продюсері Дидар Домехри кіреді.
Желілік платформа өз жұмысын 19 мамырдан бастап, 23-мамырға дейін жалғасады. Бағдарламаның мақсаты - тәжірибе алмасу және жаңа кәсіби байланыс орнату. Бұл шақырылған қонақтарға дөңгелек үстел, тақырыптық зерттеу секілді арнайы дайындалған бағдарламаларға қатысуға, сондай-ақ, «Eurimages» біріккен өндірісінің ортақ еуропалық қорымен серіктестік орнатуға мүмкіндік береді.
Өзге жаңалықтар:
70-Канн фестивалі және оның «Синефондасьон» ательесі питчингі
70-Канн фестиваліне бірнеше фильм қосылды
70-Канн фестивалінің афишасын Клаудия Кардиналенің суретін өңдегені үшін сынап тастады
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін