«Золотой глобус» жүлдесінің фавориті «Ла-Ла Ленд» фильмі болды
Джон Хэмм салтанатты кешті әзілдеп «2017 жылдың сақалдар шеруі» деп атады, өйткені қатысушылардың барлығының қою сақалдары көзге ұрып тұрды. Қатысушылардың арасында: Крис Пайн, Джей Джилленхол, Мэтт Дэймон, Райан Гослинг, Джон Хэмм және Кейси Аффлек. Соңғысы «Манчестер у моря» фильміндегі рөлі үшін ең үздік ер адам рөлі номинациясын жеңіп алды.
Дэмьен Шазеллдің «Ла-Ла Ленд» картинастасы салтанатты кештің триумфаторы болды. Режиссер сахнаға үш мәрте көтерілді, ол режиссура, үздік суценарий және үздік мюзикл немесе комедия номинацияларына ие болды. сондай-ақ басты рөлдерді орындаушы Райан Гослинг мен Эмма Стоун және композитор Джастин Гурвиц пен «City Of Stars» әнін жазған қосымша авторлар да марапаттан құр қалған жоқ.
Шет тіліндегі үздік фильм және ең үздік әйел адам рөлі жүлдесін Пол Верхувен және Изабель Юппер «Она» картинасы үшін алды.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін