«Эйс Вентура» фильмі хикаяға айналуы мүмкін
Morgan Creek Productions компаниясының Алтын ғасыры артта қалды, сондықтан басшылық жобалар топтамасын қайта қарастырып, кейбіреуін телевизиялық нұсқаға айналдыруды көздеп отыр. Сонымен, «Эйс Вентура», «Жоғары лига», «Жас мергендер», «Мәңгілікке байланғандар», «Әзәзіл», «Тұрғын» және «Түнгі халық» фильмдері өзгертілетін болды.
Morgan Creek компаниясының телевизиялық өнім жасауда мол тәжірибесі бар. Мысалы, New Neighborhood және 20th Century Fox Television өндірісімен бірге «Әзәзілді қуушы» фильмінің негізінде түсірілген хикаяны атап өтуге болады.
Жалпы, «Эйс Вентура», «Жас мергендер», «Жоғары лига» жобаларына жеке фильм жасап шығаруы мүмкін, ал «Мәңгілікке байланғандар» фильмін хикая ретінде қайта түсіреді.
«Эйс Вентура» фильміне жаңа актерлар мен актрисалар түспек, олар өткен ғасырдың батырының мұрагерлерін таныстырады. Джим Керри өз кейіпкерін қайта сомдап, эстафетаны жас ұрпаққа беруі мүмкін.
Биыл Morgan Creek компаниясы табысты болған «2pac: Аңыз» атты өмірбаяндық жобасын шығарған.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін