«Туындыгер қайғы» фильмін прототип ретінде жарнамалауда
Джеймс Франконың «Туындыгер қайғы» фильмі тарихтағы ең жолы болмаған туынды - Томми Вайсоның «Бөлме» фильмінің құрылуы туралы баяндайды. Сол кезде екі дос Томми Вайсо мен Грег Сестеро кино түсіріп, Голливудты бағындыруды армандаған еді. Бірақ, сәулелі Калифорнияда сәттілік бола қоймады, ақыры екеуі киноны өздері жасауға кіріскен.
Картина 2003 жылы жарыққа шығып, кинотаспаның көрсетіліміне шақырып жатқан Томми Вайсоның үлкен баннерінің арқасында көпшілікке танылды.
Джеймс Франконың «Туындыгер қайғы» фильмін де осылайша танытуды мақсат тұтты. 2003 жылы түпнұсқа фильмді жарнамаланғандай, «Туындыгер қайғы» фильмінің де осыған ұқсас жарнамасын ілген. Сондай-ақ, баннерде Джеймс Франконың суреті мен телефон нөмірі бар, ол барлығын картина көрсетіліміне шақырып тұр. Көрсетілген нөмірге хабарласқан адамдар мынадай мазмұндағы хабарламаны оқиды: «Сіздер Томми Вайсоның дабысты поштасын тыңдап отырсыздар. Мен бос емеспін. Мүмкін басқа желідегі адаммен сөйлесіп тұрған болармын немесе сізбен сөйлескім келмейтін шығар. Қалжың, достым. Хабарлама қалдырыңыз. Ха-ха».
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін