«Minecraft» фильмі
Minecraft анимациялық фильмінің ресми тұсаукесерлік көрсетілімі 2019 жылдың жиырма төртінші мамырына белгіленген. Бұл жаңалықты Warner Bros өндірістік студиясы осы дүйсенбіде жариялады. Фильм 3D және IMAX форматтарында жасалады деп жоспарлануда. Қоюшысы - Роб МакЭлхенни. Ал фильмнің ойын бойынша жасалатынын өткен жазда белгілі болған еді. ол кезде МакЭлхенни Twitter желісінде осы жаңалықты жариялаған болатын. Ол Mojang ойынын шығаратын компанияға қаратып - «Хей, Mojang, біртүрлі, бірақ өте керемет дүние жасап шығарайықшы?» деген еді. Алайда жыл бойы бған қатысты ешқандай жаңалық жарияланбасды, енді міне, компанияның онлайн-ресурстар мен әлеуметтік аккаунттарында алдағы уақытта жасалатын жұмыс туралы айтыла бастады.
Minecraft шведтік Маркус Перссон жетекшілік ететін шағын топ ойлап тапқан компьютерлік ойын. Ойынның релизі 2011 жылы шыққан болатын, ал 2014 жылы Mojang-ты Microsoft сатып алды. Ойынның жанры құм тәріздес. Мұнда ойынды қолданушы өзі басқара алады.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін