Шайа ЛаБафтың қатысуындағы фильм Торонтодағы кинофестивальді ашатын болды
Белгілі болғандай, Торонтода өтетін 42-кинофестиваль қонақтарын 7 қыркүйекте күтеді. Фестивальді «Борг/Макинрой» спорттық драмасы ашады.
Шайа ЛаБаф атышулы танымал американдық теннисші Джон Макинройдың жаңа фильміне түскен. Ол әлемнің алғашқы ракеткасы болды, бірақ оның біртүрлі әркеттері мансабына нұқсан келтірді. Актер ракеткаларды бүлдіріп, қазылар алқасымен дауласты. Дегенмен, Шайа Уимблдондағы турнирдың финалына дейін жетіп, шешуші ойынды 5 жыл бойы чемпион болып келген Бьорн Боргпен ойнады. Сол кезде Джон Макинрой 4 сетті бағындырып, турнирді жеңіп алады.
Режиссері - Янус Мец Педерсен, ол «Нағыз детектив» хикаясымен жұмыс істеген.
Картина айналымға 23 қарашада шығады.
Торонтодағы кинофестивальде биылғы жылы бірнеше спорттық картиналар, атап айтқанда, Эмма Стоун мен Стив Кареллдің қатысуымен «Жыныстылар шайқасы» теннисті жобасы, Марго Роббидің қатысуымен «Мен, Тонимін» және Пол Раддтың қатысуымен «Кэтчер тыңшы болған» фильмдері қатысады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін