È

«Тақтардың ойыны» хикаясының соңғы маусымы ең қысқа нұсқа болмақ

«Тақтардың ойыны» хикаясының соңғы маусымы ең қысқа нұсқа болмақ. Әлемдік кино

Қазіргі таңда, «Тақтардың ойыны» («Игра престолов») шоуының танымал болып жатқандығы жасырын емес. Дегенмен, келесі жыл жоба үшін соңғы жыл болмақ, өйткені соңғы сегізінші маусымы шығады. «The Hollywood Reporter» басылымының хабарлауынша, ол маусым алты эпизодтан тұрады екен. Бұл ақпарат бұрын да айтылып жүрген. Бірақ, HBO өкілдері ресми түрде растамаған еді.

Негізі, хикаяның жетінші маусымы 2017 жылы шілде айының ортасында шығатыны белгілі. Ол жақта жеті эпизод болады. Бұл «Тақтардың ойыны» хикаясының алдыңғы маусымдарына қарағанда, аздау болып тұр.

Дегенмен, жоба негізгі оқиғаның спин-оффтары ретінде жалғаса бермек. HBO жалғасының төрт сценарийін күтіп жүр. Ол «Мұз бен Оттың жыры» («Песнь Льда и Пламени») туындысының екінші қатардағы кейіпкерлеріне арналады. Жазушы Джордж Р.Р. Мартин өзінің Twitter парақшасында аталмыш тақырыпқа байланысты бесінші тележобаның болу мүмкіндігін жазған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

29 мамыр 2017, 21:42

Будет жестокое сражение. Главное правду не перегибать палку.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ержан Жарылқасынұлы

Актер

Әмір Қарақұлов

Режиссер