È

«Гоголь. Вий»: ресейлік тылсым аңызы жалғасының алғашқы трейлері

«Гоголь. Вий»: ресейлік тылсым аңызы жалғасының алғашқы трейлері

Былтырғы күзде «Гоголь. Бастама» фильмі бірнеше кассалы рекорд жасап, көпшіліктің назарын аудартқан ресейлік жобалардың бірі болды. Александр Петров («Серіктес», «Тартылыс») пен Олег Меньшиковтың («Покровты қақпалар», «№17 аңыз») қатысуындағы филмьді 2 миллионға жуық көрермен тамашалады. «Гоголь. Вий» франшиза жалғасының және трейлерінің жылдам шығуы жобаның барлық түсірілім тобының белсенді екендігін көрсетеді.

Сюжет бойынша жас Гоголь Диканька ауылындағы жұмбақ қылмысты зерттеуді жалғастырады. Ол әдебиетке жаңадан қадам басты. Ауылда әлі де жас қыздарды белгісіз біреулер өлтіріп кетеді. Бұл қауіп жас автордың ғашығына да төніп тұр. Кейіпкерге түрлі бейнелер елестейді. Ол елестердің қанішерлерді табуына көмектесетініне сенімді. Аңшы Хома Брутпен бірге Гоголь ескі шіркеуде үш түн бойы болып, зұлымдықтың бейнесі Вийдің өзін кездестіруге тырысады.

«Гоголь. Вий» трейлеріндегі тылсымдық пен триллер жанрдың үздік образдарына тән өзіндің ауанын қалыптастырады. Жаңа бөлімдегі көлемділік пен жылдамдылық Петербургтан бастап, Диканька айналасындағы зұлмат ормандарға дейінгі көптеген локациялардың арқасында өрбиді. Николай Васильевич Гоголь жазған қорқынышты оқиғаның жаңа нұсқасынан түпнұсқа мәтіндегі шегіністер байқалады. Мысалы, Хома Брут шіркеу мектебінің қарапайым студентінен мыстандарды аңдышуға айналған.

«Гоголь. Вийдің» Қазақстандағы тұсаукесері 2018 жылы сәуірде болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса