È

«Гринч»: алғашқы дубляждалған трейлер Рождествоға бағытталған шынайы қауіпті көрсетеді

«Гринч»: алғашқы дубляждалған трейлер Рождествоға бағытталған шынайы қауіпті көрсетеді

Illumination және Universal жаңа жылдық мерекелік «Гринч» мультфильміне арналған алғашқы трейлерді ұсынды. Сұрықсыз, таудың басында өмір сүретін жасыл Гринчтің дауысын Бенедикт Камбербэтч («Дәрігер Стрэндж», «Франкенштейн») дыбыстайды. Ол өз дауысының арқасында кейіпкерінің Жаңа жыл мен Рождествоға қауіп төндіретінін көрсетеді. Роликте Гринч Фаррелл Уильямстың «Happy» әнін үздіксіз шырқайтын оятқыштың дыбысынан оянады. Бұл әуен Illumination-ның «Мен жексұрынмын 2» мультфильмінде шырқалған әрі «Оскар» жүлдесін иеленген. Ызалы Гринчтың өмірде бір ғана мақсаты бар - арамза болу. «Біз бүгін әдемілеп былғаймыз»,- дейді Гринч Камбербэтчтің дауысымен.

Гринч таңертеңгі бір шыныаяқ копучинодан кейін жамандық пен зұлымдық жасауға супермаркетке барады. Ол - барлық сатып алушылар үшін нағыз жасыл түсті қауіп. Ол өзінің Гринч №1 зұлым және оған тең келер қарсылас жоқ екенін білдіретін әуезді әуені ылғи ойнап тұрады. Сондай-ақ, трейлер жасыл құбыжықтың толықтай сенімді досы Максты көрсетеді. Аққалаға ренжіген Гринч пен Макс Рождество кезінде қала тұрғындарына жаман әрекеттерін көрсетуге дайындалады. «Гринч» 2000 жылғы түпнұсқалық фильмнің ремейкі екеніне қарамастан, фильм авторлары Джим Керридің қатысуымен және оның ерекше әртістік стилімен түсірілген таспаның табысын барынша қайталауға тырысқан секілді.

«Гринч» анимациялық комедиясы ауқымды айналымға осы жылдың 27 желтоқсанынан бастап шығады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса