«Винил» рок жанрында альбомдар шығарған америкалық лейблдің жетпісінші жылдардағы шарықтауы мен құлдырауы туралы баяндайды. Бұл жоба жылдың ең жарқын оқиғаларының бірі деп танылған болатын. Жобаның продюсері Мартин Скорсезе және Мик Джаггер. Сериалдың бірінші маусымы ғана шықты, содан кейін HBO арнасы жобаны жабу туралы қиын шешім қабылдады. Өйткені сериалдың тақырып ауқымы тар, сондықтан көпшіліктің көңілінен шыға бермейді. Сериалдың авторлары соңғы сериаларында жобаны ірі, ауқымды еткісі келді, бірақ бұл оның сапасына әсер етті, нәтижесінде бұл рейтингтің төмендеуіне әкелді. Өз сөзінде HBO басшылығы жобаның креативті командасына, актерлерге құрметпен қарайтындарын, жұмыстарының жақсы жүргендігін айтты, бірақ қаржылық көрсеткіштердің жобаны жабуға себеп болғанын ескертті.Жалпы алғанда қазіргі таңда HBO өте қиын кезеңдерді өткеруде. Өйткені басы жақсы басталған («Настоящий детектив»)жарқын жобалар жабылып жатыр. Арнаны аман алып қалып тұрған - это «Игра престолов».