«Мэдея Хэллоуины 2» АҚШ-тағы бокс-офис үшін күресуге дайын
Былтырғы «Мэдея Хэллоуины» комедиялық хоррорының табысты шығуынан шабыттана түскен американдық актер әрі режиссер Тайлер Перри («Біз неге үйленеміз?», «Жоғалған қыз») бір жылдан кейін халықты Мэдея кемпірдің жаңа әрекеттерімен қуантпақ.
«Мэдея Хэллоуины 2» Дин Девлиннің «Геодауыл» және Томас Альфредсонның «Аққала» фильмдеріне сенімді бәсекелес болатын сияқты, айналымның алғашқы аптасында 20 миллион доллардан аса қаржы жинауы мүмкін.
Перри өзінің алдыңғы «шедеврін» алты-ақ күнде түсіріп, АҚШ-та қорқынышты фильмдердің арасында керемет табысқа ие болған. Танымал әрі ұрысқақ кемпірді афроамерикандық халық ерекше жақсы көреді. Бұл жолы Хэллоуиндегі Мэдея құбыжықтармен, гоблиндармен және бугимендермен арпалысады.
Былтырғы таспа ең нашар әйел рөлі, нашар режиссура және экранды нашар ансамбль ретінде «Алтын таңқурай» жүлдесіне үш мәрте (!) үміткер болған.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін