IMDb Калифорния билігімен соттасуда
Бүкіл әлемге танымал онлайн-портал IMDb Калифорния штатының билігінің үстінен сотқа шағым түсірді. Шағым сайттағы актерлердің жасын көрсетпеуге байланысты. Бұл заң жобасын америкалық актерлер профсоюзі 2016 жылы қолдаған болатын.
Портал өздерінің әрекеттерін сөз бостандығымен ақтап отыр және олар кино саласындағы тұлғалар жайлы ақпараттар жариялы болу керек деп есептейді. IMDb кинобизнестегі жас дискриминациясын кей жағдайда көрсетпеуді қолдайды, бірақ бұл конституцияға қайшы келмеуі керек. Ресурс ылғи да шынайы ақпараттарды бақылап, сайтты жаңалап отырады. Компанияның саясаты бойынша шынайы ақпаратты өшіріп тастамайды.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін