«Игра престолов» сериалының алтыншы маусымының аяқталуы бәрін таңғалдырды. Серсея Темір таққа отырды. Дейенерис Вестеросқа асықты, Джон Сноу солтүстіктің билеушісі болды, ал Арья Старк өзін ренжіткендерден кек алуда. Серсейдің көріпкелдік болжамы боййынша Ланнистер өз туған ағасының, Джеймидің сүйіктісінің қолынан қаза табуы тиіс, бірақ Серсеяның рөлін ойнайтын актриса Лина Хиди өз кейіпкеріне мұндай өлімді қаламайды. Хидидің айтуынша, Арья Старк немесе Тирион Ланнестердің қолынан өлсе, жақсы нұсқа болар еді. Болжамы дәл келе ме оны келесі маусымда білеміз.