Голливудтағы тарихи аймақтар отқа оранды
Голливудтағы тарихи аймақтар 8 қарашаның бірінші жартысында басталған «Hill and Woolsey Fire» өртінен кейін отқа оранып, жоқ болды. Paramount-тың Агора-Хиллстағы ранчосы, флора мен фаунасы және ағаштары түгел өртеніп кетті. Ұзақ жылдар бойы әйгілі «МЭШ» хикаясы түсірілген Малибу Крик ұлттық саябағындағы таулы локациялар да өрт зардабын тартты. «Бұл біз үшін орны толмас жағдай, бұл жағдайдың қалай болғаны да миымызға сыймайды», - деп хабарлады Голливуд тарихшысы Кери Беочамп.
«Өртеніп кеткен емендерге жүздеген жыл болған еді. 1927 пен 1953 жылдар аралығында түсірілген кез-келген фильмде осы жерлер пайдаланылды, бұл ағаштар тамаша фонды құрап, артқы планды сәнге келтіріп тұрған болатын. Олардың кереметтілігін көрдіңіздер ғой. Бірақ, өрт барлығын құртты! Бұл жағдай маған басқалар секілді ауыр тиді», - деді Беочамп, ол оңтүстік Калифорния архитектуралары мен пейзаждарын зерттеуге ұзақ жылдарын арнаған, сондықтан бұрынғы Голливудтың классикалық шедеврларының нақты қай жерде түсірілгенін жақсы біледі.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін