Ғарышта туған махаббат
Жерде апат болып, адамдардың басқа ғаламшарға жедел жеткізілуін елестетіп көоіңізші. Мұндайды елестету қиын емес, солай емес пе? Көптеген фантастикалық фильмдерде осы сюжет қолданылған. Ал енді алып ғарыш кемесінің бортында жасанды ұйқыға кеткен бес мың адам бар деп елестетіп көріңіз. Олар жаңа ғаламщарды игеруге кетіп барады. Осы кемедегі екеу - қыз бен жігіт (Дженнифер Лоуренс және Крис Прэтт) - аяқасты оянып кетеді де, кемені, адамдарды құтқару керек екендігін түсінеді. Олардың бір-біріне ғашық болып, бақытты болуына да уақыт жеткілікті, өйткені олар тоқсан жыл ұшады ғой. Картинаның режиссері - Мортен Тильдум, тұсаукесері желтоқсанда.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін