È

2015 жылы «Лобстер» фильмі үшін «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алған Йоргос Лантимос Каннда «Киелі бұғының өлімі» атты картинасын көрсетті

2015 жылы «Лобстер» фильмі үшін «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алған Йоргос Лантимос Каннда «Киелі  бұғының өлімі» атты картинасын көрсетті

Грекия режиссері Йоргос Лантимос алғаш рет 2009 жылы Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» бағдарламасында өзінің «Азу тіс» («Клык») драмасын көрсеткен болатын. Ал 2015 жылы Колин Фарреллдің қатысуындағы «Лобстер» драмасы Каннда бас жүлдеге ие болған еді.

Биылғы жылы режиссер көрсетілімге Колин Фаррелл мен Николь Кидманның қатысуымен «Киелі бұғының өлімі» («Убийство священного оленя») драмасын алып келді. Жалпы, актриса биыл өзінің қатысуындағы 4 жобаны таныстырмақшы.

Драманың сюжеті кардиохирург Стивен, офтальмолог әйелі және екі баласы туралы баяндайды. Кенеттен Стивеннің жүрегі Мартин есімді балаға жылып қалады. Кейін белгілі болғандай, кардиохирург масаң күйде оның әкесіне ота жасап, байқаусызда өлтіріп қойған екен. Содан кейін, Стивеннің өмірінде таңдауы қиын оқиғалар басталады.

Режиссер мен Николь Кидман арасында шынымен де сенімді қарым-қатынас орнаған екен. Олай деуіміздің себебі, актриса кей көріністерде жалаңаштанған күйде түскен. Актриса негізінде көптеген голливудтық жобаларда мұндай қадамға бара бермейді.

Картина сыншылардың сынағына да ілікті.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист