Анна Меликянның «Махаббат туралы. Тек ересектерге арналады» жинақты жобасының постері және фильмінен көріністер
1 қыркүйек күні продюсер Анна Меликянның жаңа жобасы айналыға шығады. Продюсердің картиналары жеке режиссерлардың махаббат тақырыбына арналған қысқаметражды фильмдерінің жиынтығы болып табылады. «Мәртебесі бойдақ» алғашқы хикаясын Павел Руминов таныстырған. «Интимді орындар» және ««Яна мен Янко» екі бөлімді екінші хикаясын Наталья Меркулова мен Алексей Чупов ұсынды. Ал «Менің атым кім?» деп аталатын үшінші хикаяны Нигина Сайфуллаева таныстырған. Екі бөлімнен құралған төртінші хикая: «Жұма» мен «ЧБ» туындыларын Евгений Шелякин түсірді. «Акцентті махаббат» пен «Шексіз» екі бөлімді соңғы бесінші хикаяны Резо Гигинеишвили түсірген.
Рөлдерге тек ресейлік кино жұлдыздар ғана емес, Джон Малкович пен Ингеборга Дапкунайте секілді шетел жұлдыздары да атсалысты. Сюжеті махаббат туралы дәріс жөнінде айтып береді, ол жақта оқиға кейіпкерлері бір-бірімен бетпе-бет келеді. Әрқайсысының өзіндік махаббат хикаясы бар.
Фильм экрандық айналымға 2017 жылдың 1 қыркүйегінде шығады.
Картинаның Қазақстандағы ресми таратушысы «Меломан-Кинопрокат» компаниясы болып табылады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін