È

«Кинотавр-2017» фестивалінде қандай картиналар назар аударуға тұрарлық екен

«Кинотавр-2017» фестивалінде қандай картиналар назар аударуға тұрарлық екен

7 маусым күні Сочиде «Кинотавр» 28-ші Ашық Ресей кинофестивалінің ашылуы болып өтті. Фестиваль 7 күнге 14 маусымға дейін созылады.

Байқаудың негізгі бағдарламасына Ресей өндірісінің 14 фильмі кіреді.

Евгений Миронов бастаған қазылар алқасының құрамында Александр Велединский, Игорь Гринякин, Игорь Мишин, Юлия Пересильд, Александр Родионов, Нэнси Конди бар.

Сарапшылардың ойынша, картинаға ұсынылған 14 картинаның тек бесеуінің ғана шынайы жеңіске үміті бар көрінеді. Олар:

Режиссер Резо Гигинеишвилидің «Тұтқындары». Бұл грузин режиссері режиссер Никита Михалковтың күйеу баласы, яғни оның қызы Надежда Михалкованың күйеуі болып табылады. Ол үміткерлердің арасындағы ең тәжірибелі маман. Оның «Тұтқындар» драмасы кеңес кезеңіндегі Грузияның қысымға толы шарттарымен өмір сүрген жастар туралы баяндайды.

Келесі, режиссер Борис Хлебниковтың «Аритмия» картинасы. Борис Хлебников өз туындыларымен тек «Кинотаврға» ғана емес, Берлин мен Канн кинофестивальдеріне де қатысқан.

«Аритмия» әлеуметтік драмасы алтын қолды және жарқын ойлы жедел жәрдем дәрігерінің өмірін баяндайды. Оның өмірінде барлығы жақсы, тек отбасындағы қарым-қатынасы дұрыс болмайды. Басты кейіпкер отбасылық қақтығыстардан бөлек, емделушілерінің өмірі үшін күреседі. Сюжет негізіне медицина қызметкерлерінің шынайы хикаялары арқау болған.

Режиссер Кирилл Плетневтің «Жақ!» фильмі. Бұл шебер екі жыл бұрын «Кинотавр» жүлдесін алған. Осы жолы «Жақ!» картинасы дауысы керемет әйелдер түрмесінің қараушысы туралы айтып береді. Түрмеде отырған тұтқынның біреуі, бұрынғы әнші қараушының дауысын жазып алып, ғаламторға салып жібереді. Осылайша, қараушы танымал бола бастайды.

Режиссер Александр Молочниковтың «Мәскеу туралы аңызы». Комедия 25-жасар актер әрі режиссер Александр Молочниковтың кинодебюті. Дегенмен, картинаға Федор Бондарчук, Сергей Безруков, Иван Ургант, Милош Бикович, Паулина Андреева, Ксения Раппопорт және Виктория Исакова түскен. Фильм ресейлік мерекелердің сахна сыртындағы өмірін көрсетеді.

Режиссер Юрий Грымовтың «Үш әпкесі». Клипмейкер Юрий Грымов Чеховтың «Үш әпке» пьесасының негізінде түсірілген драмасымен байқауға қатысып көруді ұйғарды. Фильмде біздің заманымыздағы саңырау ауыл-аймақтар көрсетіледі. Ал басты кейіпкерлер кітаптағы түпнұсқадан 30 жасқа үлкен.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер