È

Канн-2018: негізгі байқауда Кирилл Серебренниковтың «Жаз» таспасы көрсетілді

 Канн-2018: негізгі байқауда Кирилл Серебренниковтың «Жаз» таспасы көрсетілді

Канн фестивалінің негізгі байқауында Кирилл Серебренниковтың («Оқушы», «Юрьев күні») «Жаз» таспасы көрсетілді. Режиссердің өмірбаяндық фильм ретінде түсірілген жаңа жұмысы әлемді сұр түс арқылы көру мүмкіндігін ұсынды. «Сен бұл әндердің жазбасын жылдамырақ жазуың керек», - деді 80-жылдардағы әйгілі «Зообақ» тобының көшбасшысы Майк Науменко (Роман Билык) өзінің досы әрі музыкант Виктор Цойға (Тео Ю, «Бірдей»).

Әйгілі «Кино» тобының негізін қалаушы Кирилл Серебренниковтың «Жаз» таспасының басты кейіпкерінің біріне айналды. Фильмнің Канндағы көрсетілімі режиссерсіз өтті, өйткені Серебренников қазір Мәскеуде үй қамауында отыр. «Сен жылдам болуың керек, себебі барлығы осы жерде, Ленинградта өледі», - деп түсіндірді Майк және тәуелсіз рок-музыканттың КСРО-дағы барлық келеңсіз жағдайларын тізбектеді. Ол да, Цой да бұл дәуірді бастан кешпей, 90-жылдардың басында жастайынан өмірден өтті.

Фильмнің үшінші басты кейіпкері - Наташа (Ирина Старшенбаум, «Қара су», «Тартылыс»), Майктың сұлу жары, олардың махаббаты екі музыканттың және көрермендердің басын шыр айналдырған. Соның естеліктері негізінде «Жаздың» кейбір көріністері түсірілді. Наташаның қадалған көзқарасының, концерттен кейінгі сезімінің арқасында Серебренников фильм оқиғасын және көрермендерді байланыстыра алды. Бұл байланыс Майк пен Цойдың, аудиториясының және Батыстағы пікірлер бостандығын бейнелейтін топтың музыкасын еске салады.

«Жаз» соңында жәй ғана байопик емес, одан да үлкен туындыға айналады, себебі бұл жерде шынайылықтан қашу элементі бар және расында болған оқиғалар көрсетілген. Серебренников әр адамға түсінікті әрі қарапайым ән арқылы өзін-өзі тану, жеке бостандық туралы айтуға тырысады, ең үздік дыбыс залдағы жанкүйерлердің хоры болып шығады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Асылхан Төлепов

Актер

Төлеубек Аралбай

Актер