Канн-2018: негізгі байқауда «Жүрекке қадалған қанжар» француз триллері таныстырылды

Канн фестивалінің негізгі байқауында басты рөлді Ванесса Паради («Жүрек жаулаушы», «Кафе де Флор») сомдаған «Жүрекке қадалған қанжар» француз триллері таныстырылды. Француз режиссері Ян Гонсалестің «Түннен кейінгі кездесу» дебютті жұмысымен таныс емес адамдарды «Жүрекке қадалған қанжар» атты жаңа жұмысы ерекше визуалды фантасмагорикалық бағытымен және фильм сюжетімен таң қалдырмақ.
.jpg)
«Жүрекке қадалған қанжар» итальян киносында пайда болған, детектив, хоррор және эротика жанрларын тоғыстырған жаңа «джалло» жанры ретінде түсірілген. Сондықтан, Гонсалес таспасының сюжеті бойынша порнофильмдер продюсері және қыздарды ұнататын, ішімдікке әуес Аннаны (Ванесса Паради) бірге өткізген 10 жылдан соң құрбысы Лоистың (Кейт Моран, «Джульетта нені қалайды») тастап кететіні таң қалдырмайды.
.jpg)
Гонсалес байқау жұмысындағы қатал көріністерді әзіл арқылы жеңілдетеді, бұл көрсетілген құпия өмірмен тамаша байланысқан. 1979 жылы жазда Аннаның өндірістік компаниясы кезекті порноны түсіреді, сол уақытта түсірілім кезінде актерлардың бірі қайтыс болады. Содан кейін тағы бірнеше өлім орын алады, актерлар тобының арасында қызу атмосфера орнайды. Анна осы сәтті пайдаланып, Лоисты қайтаруға тырысады.
Гонсалес жұмысында көптеген жағдайлар байланысады, бұл әсер нақты көрсетілген. «Жүрекке қадалған қанжар» фильмінде «Опера елесі» классикалық сюжеті әжуаланады, яғни құпия қылмыскер ештеңені сезбеген әртістерді о дүниеге әкетіп жатады. Таспа тамаша өндірістік дизайнмен түсірілген, кинодағы түрлі жанрлар пайдаланылған, нарциссизм, басымдылық және өлімге қатысты қиялдар әсерлі әңгімеленеді, сол тұста санада жауабы жоқ мынадай сұрақтар қалыптасады: «Біздің арамызда неге құбыжықтар жүр? Біз киіп жүрген бетперденің ар жағында не жасырынған?». Режиссер мен көрермен арасындағы бұл қашықтық тамаша ауанына қарамастан, бүкіл фильм бойы сақталады.
.jpg)






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін