Канн-2018: негізгі байқауда «Итқұмар» фильмінің тұсауы кесілді
Канн фестивалінде негізгі байқауда белгілі режиссер Маттео Гарроненің («Сұмдық ертегілер», «Гоморра») «Итқұмар» итальяндық фильмінің тұсауы кесілді. Таспаның сюжеті кішкентай қалашық тұрғындары жайлы детективті хикаяларға негізделген және маргиналдар өмірін көрсетеді. Гарроне 2002 жылғы «Таксидермист» жұмысында өлі жануарлардың бальзамдалуы тиіс екенін алға тартқан еді, «Итқұмардың» негізгі мағынасы бөлектеу – жануарларға қамқор болып, оларды махаббатқа бөлеу керек.
Қос жоба - «Таксидермист» пен «Итқұмар» - шынайы оқиғалар негізінде түсірілген, сол хикаялар Гарроненің арқасында қайта жаңғырып, жауапсыз адамдар жайлы жоғары аллегорияға айналады. Итальяндық шебердің жаңа таспасында иттерге қамқорлық танытатын адам көрсетіледі, ол сүреңсіз қаланың аясында жануарлардан сұлулықты байқайды.
Негізі жергілікті тұрғындар итқұмар Марчеллоны (Адамо Дионизи) жақсы көреді, себебі ол иттерді жақсы түсінеді, оның айналасында ылғи тамаша тұқымдар жиналған. Ол Қызыл теңізге саяхатқа бару үшін ақша жинайды, ол жаққа 12 жасар қызы Софиямен (Алида Бальдари Калабрия) дайвингпен айналысу үшін бармақ. Марчелло әйелімен бұрын ажырасып кетсе де, қызымен арадағы қарым-қатынасы өте жақсы.
Марчелло өте ақкөңіл, сабырлы жан. Ол кішігірім қылмыскерлер мен заңмен мәселелері бар адамдардың айналасында жақсы көрінеді. Марчелло күндіз иттер көрмесіне қатысады, ал түнде кішкентай дүкенде өзінің жеке клиенттері мен таныстарына өтетін есірткі саудасын басқарады. Өте ерекше болып көрінетін мұндай материалда Маттео Гарроне драмада шынайылықтың өзгешеліктерін ұсынады, яғни көрерменге зұлымдық пен жақсылықты таңдау еркі ұсынылады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін