È

Канн-2018: Валерия Голино «Эйфорияны» «Ерекше көзқараста» ұсынады

Канн-2018: Валерия Голино «Эйфорияны» «Ерекше көзқараста» ұсынады

Канн фестивалінің екінші орындағы «Ерекше көзқарас» байқауы аясында «Эйфория» фильмінің көрсетілімі өтеді. Бұл итальяндық танымал актриса Валерия Голиноның («Жаңбыр адам», «Фрида») екінші режиссерлік жобасы. «Мен осыдан бірнеше жыл бұрын өзімнің дебюттік «Жаным» фильмімді ұсынған Канн фестивалінің «Ерекше көзқарас» байқауына жаңа жобаммен оралғаныма өте қуаныштымын»,- деп өз пікірін білдірді Голино.

«Соңғы үш жылдың ішінде «Эйфория» үнемі менің ойымда жүрді. Бұл оқиға өзімнің жақсы көретін адамдарымның басынан кешкен шынайы драмалық оқиғаларына негізделген. Сондықтан Франческа Марчано, Валиа Сантелламен бірге сценариймен жұмыс істеген кезде фильмнің барлық оқиғаларына өте мұқият қарадық. Біз экраннан өте әдемі және терең мазмұнды әңгімені көрсеткіміз келді».

«Эйфорияның» сюжеті бір-бірінен алшақтаған, бірақ тағдыр қайта тоғыстырған ағайындылардың қарым-қатынасының айналасында өрбиді. Біріншісі - Маттео (Риккардо Скамарчо) – теріс пікірден алыс, тартымды әрі табысты жас кәсіпкер. Оның ағасы Этторе, (Валерио Мастандреа) өздері туған кішігірім қалада тұрады және жергілікті орта мектепте сабақ береді. Ол назардан тыс қалған, қателік жіберуге қорқатын шыншыл әрі сақ адам. Ағайындылар – мүлдем екі бөлек адамдар, бірақ олар қиын сәтте бір-бірін жақсырақ тануға мүмкіндік алады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер