Батыстың белгілі басылымы The Huffington Post Капитан Америка атты супербатыр ретінде белгілі Стив Роджерс туралы сенсациялық жаңалықты жариялады. Ақпарат «Первый мститель: Противостояние» фильмінің режиссерлері Энтони және Джо Руссодан алынды.
«Первый мститель: Противостояние» фильмінің соңында бұған дейін екіге бөлінбеген серіктестер екі лагерьге бөлінді. Капитан Америка немесе Стив Роджерс, өзінің қалқанын лақтырып жіберді, осылайша Стив- өзінің супербатыр деген амплуасынан бас тартты. Капитан Американы ойнаған актер - Крис Эванс, - ол да жағдайдың өзгергенін айтты.
Қазіргі кезде Капитан Америка өзімен өзі күресуде, яғни бұл айқаста актердің не супербатыр не жай адам образы жеңіске жетпек.
Крис Эванстың кейіпкері «Мстители: Война бесконечности» фильмінде басқа атпен қатысады. Ол Номад деген атқа ие болуы мүмкін, мұндай есім Marvel комикстерінде бар.