Он жетінші маусымда жоба табынушылары үшін Watchers On The Wall жобасы кастинг жариялады. "Игра престолов" фильмінің жетінші маусымына екі актер қажет. Екі персонаж да Солтүстіктің өкілдері және олар негізгі көріністерге, сондай-ақсериалдағы бас кейіпкерлермен бірге эпизодтарға түседі. Кастингтің шарттары бойынша нәсілі еуропалық он алты жастағы қыз бен алты жасар бала керек. Түр-келбетіне баса назар аударылмайды. Жаңа эпизодтардың түсірілімі 2016 жылдың қыркүйегіне немесе қазан айына жоспарланған. «Игра престолов» фильмін түсірушілердің жоспарында екі эпизод түсіру, жетінші және сегізінші. Сериал Американың фантаст-жазушысы Джодж Мартиннің «Песнь льда и пламени» романының желісімен түсірілген. «Игра престолов» сериалын жарыққа шығарумен HBO компаниясы айналысады. Сериал фэнтези жанры бойынша әлем бойынша ең танымал картина.