È

«5 санат. Дауылды қуғын»: «Форсаж» режиссерінен тағы бір фильм, алғашқы трейлер

«5 санат. Дауылды қуғын»: «Форсаж» режиссерінен тағы бір фильм, алғашқы трейлер

Entertainment Studios «5 санат. Дауылды қуғын» динамикалық триллерінің алғашқы трейлерін жарыққа шығарды, картинада экстремалды табиғат үлкен тонаумен ұштасады. Бұл оқиға Алабамадағы Мексика шығанағы жағалауында болған. Ұрылар тобы АҚШ-тың Тиын сарайынан 600 миллион доллар тонауды ұйғарады.

Тонаушылардың жоспарының күл-талқаны шығуы мүмкін, себебі 5 баллдық өте қауіпті дауыл келе жатыр, әсіресе ол жағалауда қатты сезіледі. Сондықтан, жақсы жоспарланған тонау орындалмай қалатын шығар. Қылмыскерлерге агент Кэйси ғана (Мэгги Грэйс, «Тұтқын қыз», «Джейн Остин бойынша өмір») білетін құпия код қажет, соны білсе, ойларын іске асырмақ. Бірақ, қазыналық агенттің метеоролог Уилл (Тоби Кеббелл, «Маймылдар аралы: Соғыс», «Конг: Қаңқалар аралы») есімді серіктесі бар. Уилл дауылдан қорықса да, ұрылар ұрлап кеткен, бөлек тұратын ағасын құтқаруға кіріседі. Метеоролог жеңіске жету үшін дауылға қатысты бар білімін пайдаланады.

«5 санат. Дауылды қуғын» трейлері тоқтаусыз әсерлі триллерді сипаттайды. Фильм режиссері Роб Коэн («Форсаж», «Мумия: Айдаһарлар Императорының мазары») көрермендерге жақсы таныс. Бұл оның соңғы 4 жылдағы Дженнифер Лопез басты рөлді сомдаған «Жанкүйерден» кейінгі алғашқы жұмысы.

«5 санат. Дауылды қуғын» фильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 2018 жылы 8 наурызда болады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер