È

Қазақстандық тұсаукесер: «Всё из-за мужиков» фильмі

Қазақстандық тұсаукесер: «Всё из-за мужиков» фильмі

2 наурыздан бастап еліміздің кинотеатрларында режиссер Виктор Бормотовтың «Всё из-за мужиков» комедиясы көрсетілуде. Толықметражды фильм режиссер үшін де, актриса Сая Оразғалиева, Натальи Наумова және актер Темірхан Асылбеков үшін де дебюттік жоба болды.

«Всё из-за мужиков» фильмі әйелдер әлеміне тап болған мінез-құлықтары әртүрлі үш жігіт жайлы. Кейіпкерлерге әйелдер әлемінің құпиясын біліп қана қоймай, өздері тап болған жағдайдан шығудың жолын таып, шығулары тиіс.

«Комедия мен ұзақ уақыт бойы ұмтылған алғашқы толық метр. менің кейіпкерім - өзіндік ұстанымдары бар романтикалық сезімді қыз. Түсірілім өте жылдам, жеңіл, бір демде өтті. Әрине, мұның бәрі актерлердің, жалпы түсірілім тобының арқасы. Түсірілім кезінде мені маса шағып алды, гримерлер қанша тырысқанымен шаққан ізі көрініп қалды.Көрермен бұған баса назар аудармайды деп үміттенемін» - дейді Сая Оразғалиева.

Картинаға танымал актерлер де түсті: Тәуекел Мүсілім, Данияр Алшинов, Жәния Джуринская және Әсел Ақбарова.

«Всё из-за мужиков» фильмінің актерлері өз кейіпкерлері туралы нақтырақ арнайы бейнерепортажда әңгімелеп берді.

Түсірілімді ұйымдастыруға көмектескені үшін «Тұран» университетінің «Кино және телевидение академиясы» факультетіне алғыс білдіреміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер