È

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Корреспондет: – Соңғы кезде «партизандық кино» командасына деген қоғамның көзқарасы өзгерді ме?

Продюсер Серік Әбішев: – Негізінде бұл қозғалыс жақында ғана құрылды. Қоғамның көзқарасы әрине, өзгерді. Бастапқыда біздің бұл қозғалысқа көбісі жай әншейін нәрсе деп қарады, өйткені ол кезде ешқандай жұмыс жасалмаған, фильмдер түсірілмеген, бәрі сөз жүзінде ғана еді. Алғашқы жарты жыл солай болды, бірақ кейіннен фильмдер шыға бастады, содан кейін әрине, адамдар «партизандық» қозғалыстың жай ғана асүйдегі әңгіме еместігіне, мұнда фильмдер шығарылып, көрсетілетініне көздері жете бастады. Бүгін міне, үшінші фильмнің тұсаукесері. Өйткені жақында «№6 істің куәгері» атты «партизандық» фильмнің тұсаукесері өткен болатын. Тағы да төртінші фильміміз бар, оның тұсаукесері бір айдан кейін болады. Сондай-ақ осы қозғалыс аясында тағы бір фильм түсірмекпіз.

Корреспондент:Қазақстанда және шетелдерде сіздердің киноларыңызды сыншылар қалай қабылдауда?

Продюсер Серік Әбішев: – «Париизандық» фильмдерден әзірге екі фильм шетелдегі байқауларға қатысты. Меніңше, сыншылар өте жақсы бағалауда. Мүны нәтижесіне қарап білуге болады. «Шлагбаум» фильмі көптеген байқауларға қатысып, жүлде алды, соның ішінде Мароккода «Әлеуметтік жүлдеге» ие болды. Ал «Қаратас ауылындағы оба» фильмі Роттердам байқауында «Ең үздік азиалық фильм» жүлдесін иеленді.

Корреспондент: – Қазақстандық прокатқа арналған фильм түсіру жоспарыңызда бар ма?

Продюсер Серік Әбішев: – Иә, жоспарда бары бар, бірақ қозғалыс аясында емес. өйткені қазір біз әлеуметтік маңызды жобаларды жасаумен қолымыз тимей жүр. Коммерциялық жобалар туралы әлі ойланбадық. Неге түсірмеске!?

Корреспондент: – Фильмді көргеннен кейінгі сезіміңізді айтып беріңізші, осы жұмысқа қатысты үмітіңіз ақталды ма?

Киносыншы Төлеген Байтүкенов: – Үміт ақталу үшін бірдеңе күту керек. Шынымды айтсам, мен бұл фильмнен не күтерімді білмедім. Өйткені Әділхан әрбір жаңа фильмде алға қарай кетіп, өзінің кинотілін дамыта түседі. Бірде мен бұл туралы былай деп жазған едім: «ол әлемдік кино тарихын өзі арқылы зерттейді», яғни ол кейбір идеяларын басқалардан алады, кейбірін түрлендіреді. Бірақ, қазір менің ойымша, ол өзінің қайталанбас стилін тапты. Сондықтан бұл Әділханның шығармашылығына қатысты ғана жаңалық емес, жалпы қазақстандық кино үшін үлкен қадам деуге болады. Әдетте біз үлкен қадам дегенде көп қаржы жұмсалған фильмдерді немесе көрермен көп жинаған картиналарды айтамыз, бірақ кино өнерінің дамуы туралы жақ ашпаймыз. Міне, осы фильм өнерді дамыта түсті. Дәл осы фильм кино туралы оқулықтарға еніп, мектептер мен жоғары оқу орындарының бағдарламасында оқытылады деп ойлаймын.

Корреспондент: – Фильмді көргеннен кейінгі өзіңіздің ішкі сезіміңіз туралы айтып беріңізші, мүмкін Сізге ерекше әсер еткен тұстары болған шығар?

Киносыншы Төлеген Байтүкенов: – Жоғарыда айтқанымдай, Әділхан өнердегі реализмді теріске шығарады, оның ойынша, әр кино өзінің авторлық стилімен, авторлық көзқарасымен қызықты болуы тиіс. Бірақ ол реализмнен кетіп, документализмге келген. Өйткені мен өз басым бұл фильмді деректі фильм деп қабылдадым. Киноны көріп отырғанда оның сыртқы көрінісі шынайы өмірден алыс болғанымен, бұл кино біздің өміріміздің бір бөлшегіндей қабылданады. Бұл өте қызықты әрі парадоксальды әсер қалдырады. Ештеңеге қарамастан, түсініксіз көрінгенімен ондағы шынайы өмірге сенесің.

Корреспондент: –Сіздің фильмдеріңіз ешкімді бей-жай қалдымайды. Бүгін мен сіздің шығармашылығыңызбен таныстым, әзірге нақты ештеңе айта алмасам да, маған ұнады. Сұрайын дегенім, осы жобаны жүзеге асыру барысында қиындықтар болды ма?

Режиссер Әділхан Ержанов: – Білесіз бе, бұл менің өмірімдегі ең жеңіл жоба болды деп айта аламын. Өйткені ойымыз бір жерден шығатын команда құрдық, олар ақша үшін емес, идея үшін еңбек етті. Осы тұрғыдан алғанда маған түсірілімді ұйымдастыру өте жеңіл болды. Біз 7 ай бойы түсірдік, бірақ ешкім басқа жұмысына алаңдамай, тек осы жобаға барын салды, яғни өндірістік қиындықтар болған жоқ. Түсірілім тобының арқасында қиындықтар сезілмеді десем болады. Шығармашылық жағынан аздап қиындықтар болды. Таңдау жасаған кезде қиындау болды. Режиссура – бұл таңдау профессиясы. Өйтені өзің таңдау жасау керексің. Жалпы, қиындық сондай көп болған жоқ, өйткені о баста концепция нақты айқындалған, мен өзімнің оңға, не солға кетіп қалмайтынымды, тура өзім таңдаған стиль жолында жүретінімді білдім.

Корреспондент: – Түсірілім кезінде ерекше есіңізде қалған сәттер бар ма?

Әділхан Ержанов: – Әрине болады ғой. Ең соңғы көріністі түнімен түсірген сәтіміз, таңның атып келе жатқан кезін түсіруге асыққан кезіміз ерекше есте қалды. Өйткені фильмде таңның атып келе жатқаны суреттелетін бір ғана көрініс бар. Осы көрініс есімізде қалды, өйткені бәріміз асығып, жүгіріп, дегбіріміз қашты.

Корреспондент: – Болашақ жобаларыңыз туралы айтып берсеңіз? Егер құпия болмаса, әрине?

Әділхан Ержанов: – Біз қазір жаңа жоба әзірлеп жатырмыз, оны жазда түсіреміз, бұл туралы мамыр айында нақты айтып берейін. Әзірге бұл ақпаратты айтпай-ақ қойсам деп едім.

Корреспондент: – Осы сұқбатқа дайындалып отырғанымда Сіздің картинаңзға қатысты бір мақаланы көзім шалды. Оған министр Арыстанбек Мұхамедиұлы пікір білдіріпті. Ол кісі оң көзқараста еес сияқты, министрдің сөзіне өз пікіріңіз қандай?

– Әділхан Ержанов: – Мен он кісінің «партизандық» қлзғалыспен күрестегі табандылығына тәнтімін. Мифологияда Қақпашы деген кейіпкер бар. Ол жұмаққа кіретін қақапаны күзетеді. Батыр қақпаға кіру үшін әлгі күзетшімен не достасу керек, не қалайда оны айналып өтуі тиіс. Әр режиссердің тағдырында өз «қақпашысы» бар, менің қақпашым әзірге министр.

Әділхан Ержановтың фильмдері ешкімді бей-жай қалдымайды. «Қаратас ауылындағы оба» мұны дәлелдеді. Бірақ өкінішіке орай, бұл фильм прокатқа шықпайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

«Сот орындаушысы»

Бүгін 17.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер Мұрат Маханның «Сот орындаушысы» атты кинолентасы көрсетіледі.

Айнур

Әділхан Ержанов «Қаратас ауылындағы оба» фильмі жайлы әңгімелеп берді

«Партизандық кино» қозғалысы аясында түсірілген фильмдер бүгінде бүкіл әлемге танылып келеді. Картиналар түрлі халықұаралық байқаулардан жүлделермен оралуда.

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер