È

Әділхан Ержанов «Қаратас ауылындағы оба» фильмі жайлы әңгімелеп берді

Әділхан Ержанов «Қаратас ауылындағы оба» фильмі жайлы әңгімелеп берді

Алайда өз елімізде мұндай ленталар аса таныла қойған жоқ, бірақ керек, дейді Әділхан Ержанов.

Сәуірде «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің тұсаукесері болды. Бұл қазақстандағы бірінші және соңғы көрсетілім болуы мүмкін. Алайда әлем бұл картинаны әлі талай рет көреді, өйткені картинаны бірнеше шетелдік байқауларға қатыстыру фильмді түсірушілердің жоспарында бар.

«Қаратас ауылындағы оба» фильмі кезінде Әділхан Ержанов картина жайлы және жалпы «партизандық» фильмдер туралы ойымен бөлісті.

«Қаратас ауылындағы оба» фильмінен кадр

«Меніңше, тәмсіл шындыққа қарама-қайшы емес. Тіпті тәмсілдер болған оқиға негізінде пайда болған деп ойлаймын. Мен фольклор дәстүріне сүйене отырып, заманауи ертегі жасаймын. Осы арқылы қазіргі шындықты көрсетуге болады. Айталық, ақша, билік, өзіміз өмір сүріп отырған қоғам туралы айтпасақ, бұл ақиқатттан қашу болар еді», – дейді Әділхан.

«Партизандық фильмдер» өте аз қаражатқа түсіріледі. Айталық, «Қаратас ауылындағы оба» фильміне 6 мың доллар жұмысалды. «Сорор-Қазақстан» қоры қаржыландырды. Қозғалыс режиссерлері фильмде әлеуметтік мәселелерді көтереді, сюжте шнай болған оқиығалар негізінде құрылған.

«Бізді неге «партизандар» деп атайды деген айыптаулар да бар. Біздің елімізде кіммен күресп жүрсіңдер, әдетте партизандар өзге территорияда жүреді» деп жатады. Мен біз өзге территорияда жүрміз деп айта аламын. Бұл территория «Балалық шағымның аспаны», «Қазақ елі» секілді фильмдердің территориясы, яғни мұндай кинемотограф 50-60 жылдары буржуазиялық деп аталған. Қазір біздің кинода, өнерде буржуазия басым, оны жұрт қалыпты қабылдайды. Қандай да бір сұрақтар тудыратын, «Біз қайда тұрамыз» деген сұраққа жауап іздейтін кино пайда бола қалса, партизандар деген кім, олар неге қайықты шайқап жүр деп үрейленеді. Шындықты жайып салатын кез келген картина «табу» болып тұр. Партизандық қозғалысы шынайы фильмдер түсіргісі келетін жігіттердің ұйымы», – деді режиссер

«Қаратас ауылындағы оба» фильмінен кадр

Естеріңізге сала кетейік, таяуда Серік Әбішевтің «№6 істің куәгері» атты фильм де жарық көрген болатын. Жақында Мұрат Махановтың «Сот орындаушысы» атт ыкартинасы шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

«Сот орындаушысы»

Бүгін 17.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер Мұрат Маханның «Сот орындаушысы» атты кинолентасы көрсетіледі.

Айнур

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса