È

«Сот орындаушысы»

«Сот орындаушысы»

Фильм «Партизандық кино» қозғалысы аясында түсірілген, сценарий авторы Әділхан Ержанов. Ол жақында ғана көрерменге «Қаратас ауылындағы оба» фильмін көрермен назарына ұсынған болатын.

Картина тұрғын үйлерінің несиесін төлемеген борышкерлерді пәтерлерінен шығарып жүрген сот орындаушысы жайында. Бірде ол кезекті тексерісі кезінде бірнеше ай бойы ипотекасын төлемеген жалғызбасты ананы кезіктіреді. Егер борышкер қарызының 10 пайызын төлесе, қызметкер оны пәтерден шығармауына болады. Алайда әлгі әйелдің ақшасы жоқ. Қиын жағдайда қалған әйел керек ақшаны іздестіру үшін сот орындаушысынан көмек сұрайды.

Режиссер Мурат Махан

Көрсетілімнің үйымдастырушысы «Көзімнің қарасы» мәдени-ағартушылық клубы. Картинаны көруге кіру тегін.

Естеріңізге сала кетейік, картина «Қазақфильмдегі» «Дебют» шығармашылық бірлестігі аясында наурыз айында көрсетілген болатын.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер