È

Әділхан Ержановтың «Атбайдың шайқасы» фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавада өтеді

Әділхан Ержановтың «Атбайдың шайқасы» фильмінің әлемдік тұсаукесері Варшавада өтеді

Әділхан Ержановтың «Атбайдың шайқасы» фильмі 2019 жылдың 11-20 қазан аралығында өтетін 35-ші Варшава Халықаралық кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына қатысады. Бұл «Sunny Production» компаниясы «Short Brothers» және «Arizona Productions» компанияларының қатысуымен жасаған режиссердің 8-ші толық метражды туындысының әлемдік тұсаукесері болады. Фестивальдің халықаралық қазылар алқасының төрағасы - Малгожата Бела-Павликовска, атышулы Павел Павликовскийдің «Суық соғыс» картинасының продюсері және Луки Гуаданьиноның «Суспирия» фильміндегі басты рөлдерді сомдаған актриса.

Ержанов фильмі жеңімпаздары алдын-ала белгіленіп қойылған көше төбелесі бойынша турнирге қатысуды шешкен Атбай атты (Данияр Алшинов) көше бандитының хикаясын баяндайды. Бірақ Атбай бұл жарыста жеңіске жетуді өзіне мақсат қояды, себебі ол үшін бұл жеңіс-жаңа өмірді бастау, үлкен спортқа оралу және сүйікті әйелі Аиданы (Динара Бақтыбаева) қайтару мүмкіндігі. Рингтегі Атбайдың басты қарсыласы, атақты боксшы Рафаэльдің рөлін актер Санжар Мәди сомдады. Ал Асель Сәдуақасова Рафаэльдің ықпалды продюсері Алияның бейнесін іске асырды.

Сондай-ақ, Сәдуақасова фильмнің бас продюсері. Халықаралық ілгерілету бойынша продюсер – Ольга Хлащева, атқарушы продюсер – Серик Абишев, екеуі де ұзақ уақыт бойы Ержановпен жұмыс істеп келе жатыр. Сценарийді жасау үшін Әділхан Ержанов пен Инна Смаилова жұмыс істеді. Фильмнің операторы бұрын Ержановпен «Үкілі Камшат» фильмінде қызмет еткен Еркінбек Птыралиев. Қоюшы суретші, режиссердің барлық фильмдерінде жұмыс істеген, тағы бір тұрақты серіктесі - Ермек Өтегенов. Фильмге музыканы композитор Сергей Шегай жасады.

- Мен фильмді фестивальде жеке өзім таныстыратыныма қуаныштымын. Әрине, жақын арада біздің көрермендергеде фильмді көрсетеміз деген үміттемін. Кездескенше! - деді Әділхан Ержанов.

Варшава кинофестивалі 1985 жылы құрылған және Канн, Берлин және Венеция кинофестивальдармен қатар «А» класындағы фестивальдар қатарына жатады. Фестиваль өз аудиториясына әлемдік кинематографиядағы ең жаңа және қызықты трендтерді ашуды мақсат етіп қояды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

«Сот орындаушысы»

Бүгін 17.00-де Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында режиссер Мұрат Маханның «Сот орындаушысы» атты кинолентасы көрсетіледі.

Айнур

Әділхан Ержанов «Қаратас ауылындағы оба» фильмі жайлы әңгімелеп берді

«Партизандық кино» қозғалысы аясында түсірілген фильмдер бүгінде бүкіл әлемге танылып келеді. Картиналар түрлі халықұаралық байқаулардан жүлделермен оралуда.

Айнур

Мнения

19 Шілде, 2020

Қазақстандағы кинофестивальдер қозғалысы

Қазақстан кинофестивальдерінің бағыт - бағдары, деңгейі және пандемия жағдайындағы мәселелер төңірегінде кинотанушылардың пікірі

Brod.kaz

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер