È

«Еркін» фильмі қазақстандық прокатқа шығады

 «Еркін» фильмі қазақстандық прокатқа шығады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қатысуымен Libertus Films компаниясы түсірген «Еркін» («Эль Фриман») фильмі 2019 жылы желтоқсанның 12 күні қазақстандық прокатқа шығады.

Елжас Рықымбеков (лақап аты Михар Сажле) және Антонио Чавес түсірген дебюттік фильм Лос-Анджелесте американдық биліктен жасырынып жүрген иммигранттың өмірі туралы баяндайды. Картинаның басты кейіпкері Эл есімді жігіт өз көлігінде түнеп жүріп, жүк тасушы болып жұмыс істейді. Сондай-ақ ол досы Артурмен бірге кілттердің көшірмесін жасап, компанияның бұрынғы клиенттерін тонап, күнін көреді. Бір күні олар бай, бірақ жалғызбасты Амбассадор есімді қариямен танысады...

Айта кетсек, аталған кинотуынды былтыр екі бірдей американдық кинофестивальге қатысқан, олар: Hollywood Film Festival және IFS (Independent Filmmakers Showcase) Los Angeles Film Festival фестивальдері. Ал Мадридте өткен халықаралық кинофестивальде бұл фильм «Үздік режиссерлік дебют» жүлдесімен марапатталған.

Келесі жылы наурыз айында «Еркін» фильмі АҚШ-та және Канадада DVD нұсқасында, сонымен қатар стриминг-платформасы (ағымдағы онлайн көрсетілім) және VOD (сұрату бойынша фильмді көру) сандық таралымы арқылы көрсетіледі. Осы елдерде фильмнің көрсетілімі американдық Dreamscape Media дистрибьюторлық компаниясы арқылы жүзеге асады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Казахстанское кино

28 Апреля, 2016

«Алиса айнаның арғы бетінде» қазақ тілінде шығады

Мамыр айында кинотеатрларда Джеймс Бобиннің «Алиса айнаның арғы бетінде»  фэнтези-фильмі көрсетіледі. Картинаға «Болашақ» ассоциациясы ерекше қызығушылық танытып отыр. Олар фидьмді  «Алиса айнаның арғы бетінде» деген атаумен қазақ тілінде дыбыстады.

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса