È

«Хайп ұстаған ата»: Хайп па? Айып па?

«Хайп ұстаған ата»: Хайп па? Айып па?

«Гудбай, мой бай», «Бизнес по-казахский», «Кино по понятиям» секілді соңғы кездердегі отандық кинотеатрларда көрсетіліп, халықтың көңілінен шығып жүрген туындылардың режиссері Анвар Матжановтың «Хайп ұстаған ата» атты кезекті туындысы жарыққа шықты.

Туынды XXI ғасырдың миды улаған интернет желілеріндегі көзбояушылық, соңғы трэндтегі пранк, қазақы менталитетке сай емес контенттер сынды дәл қазіргі мәселелерді көтеретін тақырыпты арқау еткен.

Сюжет өте жеңіл әрі баршаға түсінікті, күлкілі әрі иронияға толы. Біздің қоғамға керегі де сол. Қазір не көп, хайп көп! Хайп жасап, ақша жасауды көздеп жүрген жастар да жетерлік. Бірақ, бұл жоба желісінің бір қызығы егде адамның жастардың жеңіл ойын қайталауында. Әбунасыр Серіков сомдаған басты кейіпкер «Аташканың» жалған танымалдылықтан шыға алмай, хэйттің астында қалуы да қоғамға таңсық емес дүние. Фильмнің басты мақсаты жастарға ой салу болғаны анық. Яғни, көрерменге берері жоқ емес. Бірақ, барынша аз уақытта көңіл көтеріп, аларын алып, көңілден шықса лүпіл басатын қысқа видеоларға үйренген заманда бұл тақырып толықметрлі жоба арнауға тұрарлық па?

Фильмде инста блогер Бекзат Елеусізов, қосалқы рөлдерде инстаграм жұлдыздары Әлия Байбусинова, желіні шулатқан Шырын Нарчаева, онымен қоса, қысқа эпизодтарда эстрада жұлдыздары мен миллионнан аса оқырмандары бар блогерлер де көрініс табады.

Желтоқсанның 11-ші жұлдызында Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында алдын-ала көрсетілімі өткен комедия жанрындағы бұл фильм еліміздің барлық кинотеатрларына жол тартқанын айта кетейік.

Ендігі кезекте, хайпқа белшесінен батқан қоғамға тағы бір «хайп» керек пе, жоқ па?! «Аташканың» істегені хайп болды ма әлде айып болды ма екенін көрермен өзі айта жатар.

Киноға барған Балнұр Батырханқызы

«Хайп ұстаған ата» фильмінің кестесі кинотеатрлар афишасында қол жетімді.

«Хайп ұстаған ата» фильмінің көрсетіліміне шақырғаны үшін «Sulpak Cinema» және KINOPARK THEATRES алғыс білдіреміз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

11 желтоқсан, 2019

«Еркін» фильмі қазақстандық прокатқа шығады

 Фильм 2019 жыл 12 желтоқсаннан бастап прокатқа шығады

Brod.kaz

Казахстанское кино

31 желтоқсан, 2019

Алматыда ұлттық «Құлагер-2019» киножүлдесі табысталды

«Құлагер»  ұлттық кинематографиялық жүлдесі 2007 жылдан бастап өткізіледі

Brod.kaz

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист