È

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

21 желтоқсанда Алматы қаласындағы Kinoplexx Sary Arka кинотеатрында «Жақсылық» көркем фильмнің тұсаукесері сәтті өтті. Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков. Көркем фильмді тамашалауға жиналған көрерменнің көптігі соншалық кинотеатрдың залдарында бос орын болмады. Тіпті жиналғандардың көбі фильмді тұрып тамашалады. Ал көрсетілімнің соңында көрермендер орындарынан тұрып ұзақ уақыт қол соқты.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ және Mergen studio компаниясы түсірген биографиялық фильм Қазақстанның Еңбек Ері, грек-рим күресінің палуаны, Әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы – Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы баяндайды.

Фильмнің тұсаукесеріне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Үркен Бисақаев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Қазақфильм» киностудиясының президенті Арман Әсенов, режиссер Бақыт Қайырбеков бастаған фильмнің түсіру тобы және Жақсылық Үшкемпіровтің өзі қатысты.

- Бұл – көркем фильм жанрында түсірген менің алғашқы туындым. Картина 48 кг салмақтағы Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ – Жақсылық Үшкемпіров туралы. Ол түрлі мемлекет дәрежесіндегі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрінсе де, спортшыға халықаралық ареналарға шығуға мүмкіндік бермеген. Тек 1980 жылы ғана ол Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарына қатысуға жолдама алып, әлемдік деңгейде өнерін көрсете алды. Фильм Оңтүстік Қазақстан ауылдарының бірінде дүниеге келген спортшының балалық шағынан бастап, бүкіл Кеңес одағы қошеметпен қарсы алған палуанның Олимпиада ойындарында жеткен жетістіктеріне дейінгі өмір жолын бейнелейді, - деді фильмнің режиссері Бақыт Қайырбеков.

Дайындық кезеңде ұйымдастырылған кастинг нәтижесінде Жақсылық Үшкемпіровтың жастық шағы мен ер жеткен кезін Эльнар Назарқұл, Санүржан Сүлейменов және театр актері Олжас Сақ сомдады. Ал 60 жастағы спортшының рөліне Қазақстанның халық артисі, Жезқазған театрының актері Досжан Жанботаев шақырылған.

Айта кетсек, спорттық драманың түсірілімдері Өскеменде, Алматыда және Алматы облысында жүргізілді. 1980 жылы Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарының сахналары Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында, сондай-ақ Минскідегі (Беларусь Республикасы) «Динамо» стадионында түсірілді. Ал спортшыларға арналған Олимпиада ауылын көрсету үшін түсірілімдер Беларусь еліндегі «Стайки» атты Республикалық олимпиадалық даярлау орталығында өткізілді.

https://www.kazakhfilmstudios.kz/

 

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер