È

«На грани» фильмі Грецияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

«На грани» фильмі Грецияда өткен кинофестивальде жүлдеге ие болды

Режиссер Алдияр Байракимовтың «На Грани» фильмі Грецияның Пиргос қаласында өткен Халықаралық «Олимпия» балалар және жасөспірімдерге арналған кинофестивальде киносыншылардың арнайы жүлдесімен марапатталды.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген фильм бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, алайда тағдырлары кездейсоқ тоғысқан жасөспірімдер туралы баяндайды. Отбасы жылуы мен жақындарының қолдауынан айырылған, тіпті әлеуметпен тіл табыса алмай жүрген олар бастарын қауіпке тігеді.

Грецияның үкімет билігі және жастардың коммерциялық емес ұйымдары бірігіп ұйымдастырған бұл фестивальдің негізі 1997 жылы қаланған болатын. Байқау жергілікті Мәдениет министрлігі мен Жастар жөніндегі Бас хатшылығы қолдауымен өткізіледі.

«На грани» фильмінен кадр
«На грани» фильмінен кадр

Фестивальдің негізгі мақсаты – жергілікті аудиторияны әлемде шығып жатқан балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа фильмдермен таныстыру, балаларға арналған аудио-визуалды бағдарламаларды дамытуға үлесі қосу, сондай-ақ осы тақырыпта түсірілетін фильмдердің өндірісін қолдау.

- Біздің фильм көрермендердің ықылас ілтипатына бөленіп, киносыншылардың да жоғары бағасын алып жатыр. Фильмнің түсіру тобын осы жеңіспен құттықтаймын. Картинаның халықаралық деңгейде танылуына үлес қосып жүрген жандарға ерекше алғысымды білдіремін, - деді фильмнің режиссері Алдияр Байракимов.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр «На грани» фильмі Ресейдің Анапа қаласында өткен «Киношок» атты ТМД және Балтық елдері киносының ашық кинофестивалінің негізгі байқауына қатысқан, сондай-ақ Беларусияда өткен «Листопад» халықаралық кинофестивалінде үздік сценарий үшін қазылар алқасының арнайы жүлдесімен және ЮНИСЕФ Қорының жүлдесімен марапатталған. Сонымен қатар, былтыр бұл фильм «Үздік дебют» номинациясы бойынша Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» жүлдесіне ие болды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Казахстанское кино

23 желтоқсан, 2019

Даңқты спортшы – Жақсылық Үшкемпіров туралы көркем фильмнің тұсаукесері өтті

Кинотуындының қоюшы режиссері әрісценарий авторы – Бақыт Қайырбеков

Brod.kaz

Рецензии

10 Қазан, 2018

«Қаржыгер. Шығу ойыны»: Санның сапаға айналуы

Коммерциялық  кино бағытында алға ілгерілеу айқын байқалады

Brod.kaz

Мнения

6 Қазан, 2018

Baikonyr SFF-2018: Үздік фильмдерге шолу

Baikonyr Short Film Festival – байқауы көркемсуретті, анимациялық және деректі кино секциясы бойынша бағаланды

Brod.kaz

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер