Кевин Смит Джей мен Үндемес Боб туралы жаңа фильмді жоспарлап отыр
Голливудтың ештеңеден қорықпайтын троллі жәнеамерикалық режиссер Кевин Смит Джей мен Үндемес Бобты экранға қайта қайтарғысы келеді. Бұл жаңалықты ол өзінің Instagram парақшасына жариялады. Ол соңғы айларда «Джей мен Үндемес Боб қарымта соққы жасайды» фильмінің сиквелін дайындағанын жазды. Нью-Джерсилік екі дос Голливудта «Бэтмен и Робин» секілді фильм түсірлігенлі жатқанын біліп ашуланады. Нәтижесінде бүкіл Американы аралап, әлгі түсірілгелі жатқан фильмді тоқтату үшін сапарға аттанады. Енді олар қайта түсірелітн фильмдердің өндірісіне кедергі болмақ, осылайша олар қазіргі кезде кинобизнесте етек алып кеткен бітпейтін сиквелдер мен ремейктерді сынамақ.
Джей мен Үндемес Боб - View Askewniverse-те Кевин Смиттің ойдан шығарылған екі кейіпкері. Осы кинокеңістікте төрт толықметражды фильмдер топтастырылған: «Клерки», «Догма», «В погоне за Эми» және «Джей и Молчаливый Боб Наносят Ответный Удар».
Қазір жоба жетілдіру кезеңінде.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Askhat
18 февраля 2017, 14:50Ого! А вот это уже интересно... Посмотрим что получиться