«Сумерки» киножобасын түсірген топ жаңа романды қолға алды
Lionsgate өндірістің студиясы жақын арада әлі жарияланып үлгермеген Джейн Костеллоеың «Ты + я = всё» романының желісі бойынша фильм түсіруді жоспарлап отыр. Жобамен жұмыс істейтіндер атақты «Сумерки» киноаңызының продюсерлері. Фильмнің тұсаукесері 2018 жылдың басына жоспарланып отыр. Сюжет Лаура есімді ешкімге ұқсамайтын ерекше әйел жайлы. оның өмірі оңай емес – ол сүйіктісіне адал жалғызбасты ана. Сүйіктісінің кеткеніне 10 жыл болды, осы уақыт ішінде ол анасымен және ұлымен бірге өмір сүрді. Анасы өлім аузында жатып, ұлының әкесіз өсуіне болмайтынын айтады. Аанасы қайтыс болғаннан кейін Лаура сүйіктісін іздейді, арманына жету үшін ол Парижге барады.









пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін