Атақты ізкесуші туралы фильмнің комедиялық нұсқасын түіру идеясы 2008 жылы жарияланған болатын. Сол кезде Шерлоктың рөліне Саша Барон Коэнды, ал Ватсонның рөліне - Уилл Ферреллді ойнатпақ болған, бірақ бірдеңе дұрыс болмады ма, идея жүзеге аспай қалды. Тек биыл ғана «Холмс және Ватсон» атты комедиялық фильмның түсірілетіні белгілі болды. Басты рөлдерде Уилл Феррелл және Си Райли ойнайды. Жобаның сценарийін Итан Коэн жазды, ол фильмнің қойылымымен де айналысады. Жақында Итан Коэн мен Уилл Феррелл «Крепись!» атты бірлескен жобаға қатысқан болатын. Енді әріптестер тағы да түсірілім алаңында кездеседі. Уилл Феррелл мен Си Райли «Сводные братья» фильміне де бірге түскен.