È

«Ұрылар патшасы»: дұрыс адамдарды ғана таңдаңыздар

«Ұрылар патшасы»: дұрыс адамдарды ғана таңдаңыздар

Studiocanal UK британдық режиссер Джеймс Марштың («Ғасыр жарысы», «Стивен Хокинг әлемі») «Ұрылар патшасы» қылмыстық комедиясының алғашқы тизер-трейлерін ұсынды. Фильм 2015 жылдың сәуірінде лондондық Хаттон-Гарден зергерлік кварталында ұрланған алмаздар туралы «таңғажайып шынайы хикаяны» баяндайды. «Ұрылар патшасы» актерлік тобын әдеттегідей, тамаша Майкл Кейн («Әдемі түрде кету», «Интерстеллар») бастады.

Ұры-«зейнеткерлер» тобы Лондондағы ең ірі тонауды ұйымдастырмақ болады, алғыр шалдар сейфтерді тонау кезінде 200 миллион фунт стерлингке тең көп соманы иеленді. Бірақ, соңында олар бәрібір ұсталды. Роликтің өзінде басты ерлер рөлін сомдаушылар кадрда 60-жылдардан келген лондондықтарды елестетеді. Кейн бастаған «нашар жігіттер» тобы қымбат автокөліктерді және темекі шегуді жақсы көретін, әйелдер жүрегін жаралаушы жандар ретінде суреттеледі.

«Ұрылар патшасы» қылмыстық комедиясы 2018 жылдың 14 қыркүйегінен бастап айналымға шығады.

 

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса

Тимур Жақсылықов

Сценарист