È

«Қылышты сұлулар»: фэнтези-боевик трейлері

«Қылышты сұлулар»: фэнтези-боевик трейлері

«Қылышты сұлулар» - стимпанк бағытындағы фэнтези-боевик. Әлемдік деңгейдегі жауынгерлік жекпе-жегінің шебер әйелдері өз қабілеттерін экран арқылы паш етпек.

«Прометей» мен «Галактиканы автостоппен шарлау» картиналарына түскен британдық актриса Сесиль Фэй жобаның шабыттандырушысы, режиссері атанып, сценарий жазған және басты рөлді сомдаған.

«Қылышты сұлулар» хикаясы Драйг ғаламшарының қараңғы көшелерінде болған. Негізгі локация ретінде үлкен металлургия зауыты таңдалды, ол жақта неон өндіріс цехы мен жолдарға жарық түсіріп тұратын. Азура (Сесиль Фэй) – кезінде керемет жауынгер әрі мықты ұлт болған сарниядықтардың соңғысы. Оның бала күнінде жаулап алушылар сол ұлттың әдемі әлемін бұзып, кішкентай баланы тұтқынға алып кеткен. Азура қашып кетіп, Драйг көшелерінде өлместің күйін кеше бастайды.

Гладиатор одағының иесі Сеф өтірік айтып, оны құл ретінде ұстайды да, қауіпті ұрыстарға қатыстыратын. Яғни, Азура гладиатор әйелдерге қарсы күресетін. Осы уақытта көтерілісшілер тобы Драйга басшылығының қатал үкіметіне қарсы шығып, өз отбасыларын қорғауға тырысады. Адамдардың тағдыры сарниянның соңғы тұяғы Азураның тағдырымен байланысты болады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Роман Надеин

28 қараша 2017, 15:31

Прикольно.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер