È

«Питер қоян»: отбасылық комедиясын дыбыстаған ресейлік актерлер құрамы

«Питер қоян»: отбасылық комедиясын дыбыстаған ресейлік актерлер құрамы

Ағылшын балалар жазушысы Беатрис Поттердің танымал «Питер қоян» кітабының кейіпкерлерінің дауысын тележүргізуші және актриса Алла Михеева (Питер қоянның қырсық әпкесі – Пикси), актриса, әнші, радио жүргізушісі, ТНТ телеарнасындағы Comedy Club-тың резиденті Марина Кравец (Питер үшемнің үлкен әпкесінің бірі – күлкілі Мопси), сондай-ақ театр және кино актері Сергей Бурунов (жиені Бенджамин) дыбыстады. Фильмнің басты кейіпкері – қорықпайтын Питер қоянды актер Антон Эльдаров дыбыстады.

Алла Михеева өзінің кейіпкері туралы былай дейді:

«Кейіпкерің мінезі жағынан өзіңе ұқсаса бұл өте жақсы: Пикси ақымақ, көңілді және адуынды. Біз шынымен бір-бірімізге өте ұқсаймыз және екеуіміздің де шашымыздың түсі сары. Мен оған ғашық болдым».



Марина Кравец Питер қоян шытырманының бұрыннан табынушысы болып шықты: «Питер қоян туралы кітаптың авторы Беатрис Поттер маған бала кезден таныс: Питер қоян сияқты жазушының өзі ойлап тапқан Ухти-Тухти кірпі туралы ертегінің пластинкасы үйде бар болатын (Миссис Игли экрандауында). Ал, енді, оның әпкесі, фильмде өз дауысымды сыйлаған Мопси қоянмен жақынырақ таныстым. «Питер қоянды» кинода рахаттана отырып көремін. Сіздер де қосылыңыздар!».

«Бұл фильмге сүйген қызыңмен бірге баруға әбден болады, өйткені бұл отбасылық кино ғана емес, сондай-ақ романтикалық оқиға», - деп картина жайлы өз әсерімен бөлісті Сергей Бурунов.


«Питер қоян» Қазақстандағы ауқымды айналымға Meloman Entertainment компаниясының таратуымен 22 наурыздан бастап шығады.

2 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

21 февраля 2018, 18:35

Прикольный!

Мырзахмет

5 наурыз 2018, 01:54

надо бы оценить. очень интересно

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Нұрлан Әлімжанов

Актер

Берік Айтжанов

Актер