«Ла-Ла Лэнд» - режиссер Дэмьен Шазеллдің музыкалық комедиясы. Ол Critics' Choice Movie Awards жүлдесін «Үздік фильм» номинациясы бойынша жеңіп алды. Бұл туралы ақпарат жүлденің әлеуметтік желідегі жүлденің ресми парақшаларында жарияланды.
Марапаттау рәсімі 11 желтоқсанда Санта-Моникада (Калифорния) өтті.
«Ла-Ла Лэнд» картинасы америкалық мюзикл жанрының тарихы жайлы. Тұсаукесері келесі жылға жоспарланған. Басты рөлдерде - жас актриса мен джаз музыкантын - Эмма Стоун мен Райан Гослинг ойнады.
Critics' Choice - бұл Киносыншылар ассоциациясы тағайындайтын жүлде. Оны телевидение, радио, ғаламтор басылымдарында жұмыс істейтін мамандарға табыстайды. Бірлестік 250 адамнан тұрады және Солтүстік Америкадағы ірі жүлде болып саналады.