È

«Әділдік одағы»: алдын-ала көрсетілімнен кейін сыншылар не айтты екен?

«Әділдік одағы»: алдын-ала көрсетілімнен кейін сыншылар не айтты екен?

Әлеуметтік желілер Warner Bros. жарияланымдарына эмбарго (тыйым салу) қойып жатыр. «Әділдік одағына» қызығушылық өте көп, сондықтан алдын-ала көрсетіліміндегі пікірлер қарама-қайшылыққа толы.

«Әділдік одағы» «Өзін-өзі өлтірушілерге» қарағанда жақсырақ – бұл суперкейіпкерлер жайындағы аса қызықты емес, орташа оқиға»,-деп өзінің Twitter’ парақшасына Fandango журналындағы Эрик Дэвис жазған. «Дегенмен, артықшылықтары да бар, менің ойымша, бұл DC әлеміндегі үздік фильмдердің бірі».

Белгілі сыншы Кевин Маккарти «Қорытынды: «Әділдік одағы» тамаша!»,-деп қуанышты пікір білдірген.

Бірақ, DC комикстеріндегі суперкейіпкерлер туралы пікірлер бірдей емес.

Жағымсыз пікір білдіргендердің қатарында Slashfilm-тік Питер Скиретт бар, ол «Әділдік одағы» біз күткеннен де жақсы болып шыққан, бірақ ондыққа кірмейді-ау» деген, одан да зорғысы – «Әділдік одағы» - биылғы жылдың ең нашар фильмі»,-делінген.

Mashable-дегі Джош Дики былай деп жазған: «Әділдік одағындағы» кейіпкерлерді өздерінен ешкім қорғай алмайды, барлығы бақырып, шақырып, біртүрлі болып көрінеді. Ғажайып әйелге – жоқ, аңғал Эзре Миллерге – жоқ, бірде бүлініп, бірде қайта тірілетін Джосс Уидонға – жоқ деймін. Генри Кавеллдің мұрты – нақты мәселе, ол «Зұлым алқаптағы» кейіпкерге ұқсап қалған. Уф, бұл – ауыр сынақ».

Нәтижесінде, барлығының пікірі бойынша «Әділдік одағы» керемет емес, бірақ жақсы фильм. Күлкілі әрі кемшіліктері де жоқ емес картина, дегенмен супербатырлардың үздік бестігіне қарағанда жарқынырақ шыққан.

«Әділдік одағының» Қазақстандағы ресми тұсаукесері 16 қарашада болады.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Сергей Ефремов

14 қараша 2017, 00:11

Отзыв скрыт, причина: Ваш комментарий не соответствует правилам сайта.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Бекмамбетов

Режиссер

Ақан Сатаев

Режиссер