Люк Бессон «Люси» фильмінің жалғасына арнап сценарий жазды
Тамыз айында шыққан «Валериан және мыңдаған ғаламшар қаласы» Люк Бессонның EuropaCorp студиясына 135 миллион доллар шығын әкелген, сондықтан студия басшылығы фильмдер өндірісін азайтып, телевидениеде белсенді болуды ұйғарды.
Ендігі уақытта компания бір жылда сегіз-он екі фильмнің орнына ағылшын тілінде екі-үш және француз тілінде екі фильм шығаруды жөн санады. Фильмдер жанры триллер мен фантастикаға ойысады.
Жаңа ережелер бойынша шығатын алғашқы жоба Люк Бессонның тамаша идеясымен дүниеге келетін триллер болмақ, ол ағылшын тілінде шығады, басты рөлді әйел адам сомдайды, фильмнің түсірілімі қазан айында басталмақ.
Келесі жоба «Люси» танымал фантастикасының сиквелі болады. Люк Бессон жалғасының сценарийін жазып қойды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін