Warner Bros студиясы және «Стартрек: Возмездие»мен «Звездные Войны: Пробуждение силы» фильмдерінен танымалдыққа ие болған Джей Джей Абрамс Тэвис Смайлидің Майкл Джексон туралы «Прежде, чем вы меня осудите: Триум и трагедия последних дней жизни Майкла Джексона» атты кітабын экранға шығармақ. Кітап әлі су жаңа, 21 маусымнан бастап қана сатылымға шықты. Оқиға поп-музыка королінің шығармашылық қуатқа толы өмірі жайлы. Майклдің өмірінде кездескен жақсы мен жаманды, әншінің сұмдық танымалдығы, өзінің жеке өміріндегі күрестері туралы осы кітапта егжей-тегжей жазылған. Мұнда әлемнің жарық жұлдызына қоғамның үнемі қысым көрсеткені туралы да айтылған. Джексон 2009 жылдың 25 тамызында еоуге қараған шағында Лос-Анджелесте өмірден өтті.
Продюсерлер сериалды сатып алуға әзір телеарнаны іздестіруде.