Марк Осборн Warner Bros үшін Джефа Смиттің 90 жылдардағы «Боун» комиксі бойынша анимациялық фильм түсіруге келісті. Комикске құқық 2008 жылы алынды. Сценаримен қазір Осборнның өзі және Адам Кляйн айналысуда. Нәтижесінде экранға толықметражды мультфильмдер трилогиясы шығуы әбден мүмкін.
Комикстің сюжеті үш кішкентай тақырбас ағайындылар туралы. Оларды өздерінің туған жері Боунвиллден Долинаға қуып жіберген, бұл жақта небір қауіпті тіршілік иелері бар.
Комикстер сериясы 1991 жылдан 2004 жыл аралығында көрсетілді. Осы жоба көптеген арнайы марапаттарға ие болған.