2013 жылы Иоланда Рамке мен Хоулингтің Cargo немес «Груз» атты қысқаметражды киножобасы желіні жарды. Осы жылы сол картинаның толықметражды нұсқасы түсірілмек, басты рөлде Мартин Фриман («Шерлок», «Хоббит», «Фарго») ойнайды. Оқиға зомби-апокалипсис заманы туралы, ол кезде әлемге қауіпті вирус тараған болатын. Бас кейіпкер, Эндидің жас әкесі өзінің қауіпті вирус жұқтырғанын біледі, енді ол екі күннің ішінде баласына жаңа ата-ана іздеп табуы керек. Ал ұлы Энди зомбиге айналып кеткен. Жобаның іске асырылатын уақыты мен көрсетілім қашан болатынын нақты белгісіз. Түсірілімге жетекшілік етуді қысқаметражды фильмді түсірген әрі қызықты сюжетті жасаған автралиялық Бен Хоулин мен Иоланда Рамке қолға алды.