«Мег: Тереңдік құбыжығы»: қайталап көріңіз
Сейсенбі күні Лос-Анджелестегі көпшілік ойын-сауыққа арналған американдық-қытайлық саммитте биылғы жаздағы хит «Мег: Тереңдік құбыжығының» атқарушы продюсері Катрин Ин алып акула жайлы фильмнің жалғасы туралы сұрақтардың қарастырылып жатқанын хабарлады. «Бұл нақты жоспарда бар, бірақ әзірге бастапқы кезеңде тұр. Біз осымен жұмыс істеп жатырмыз және барлығын құпия ұстауды жөн көреміз», - деді Ин «Мег 2» жаңа франшизасының алдағы түсірілімі жайлы.
Катрин Ин Gravity Pictures студиясының бас директоры болып табылады, аталмыш студия американдық серіктестері Warner Bros-пен бірге «Мег: Тереңдік құбыжығы» өндірісін біршама қаржыландырған болатын. Табысты блокбастердің продюсері Белль Эйвери («Гризли Парк», «Әзәзіл ойындары») де сиквел жұмысының басталуын асыға күтіп жүр. Ол фильмнің әдеби негізіне айналған Стив Альтеннің көптеген өткірсюжетті кітаптарының экрандау құқығын сатып алған.
Дегенмен, қазіргі таңда «Мег 2» сценарийімен кімнің айналысатыны белгісіз. Warner Bros. та жаңа жобаға ресми түрде рұқсат бермеді. Gravity Pictures-тің түсірілімге дайындығы қанішер акула жайлы тағы бір фильмнің шығатынына сенімділік сыйлайды, бірақ оның биылғы таспаның кассалық жинақ табысын қайталайтынына сену қиын. Себебі, көптеген соңғы жылдардағы көптеген американдық-қытайлық таспалар («Ұлы қамал», «Варкрафт») айналымда сәтсіз болған еді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін