È

Мелисса МакКарти мен Бен Фэлкоун «Керемет ақыл» комедиялық атыс-шабыс фильмінде бірге жұмыс істейтін болады

Мелисса МакКарти мен Бен Фэлкоун «Керемет ақыл» комедиялық атыс-шабыс фильмінде бірге жұмыс істейтін болады

Мелисса МакКарти («Елес аңшылары», «Жартылай тыңшы») және Бен Фэлкоун («Жаңа жылдық кеш», «Тыңшы») «Керемет ақыл» комедиялық атыс-шабыс фильмінде бірге жұмыс істейтін болады. МакКарти New Line-ның жаңа жобасында басты рөлді сомдайды, ал Фэлкоун режиссер қызметін алып шықпақ. Таспаның жұмысы былтырғы жылы басталған еді. «Керемет ақыл» МакКарти-Фэлкоун отбасылық тобының «Тэмми», «Үлкен бастық» және «Компания жаны» комедияларынан кейінгі төртінші фильмі болмақ.

Стив Мэллори («Ұстай алсаң, толық қызды ұстап ал», «Үлкен бастық») құрастырған «Керемет ақыл» сюжеті бойынша Маккарти корпорацияның бұрынғы басшысы Кэрол Питерсті сомдайды, оның минут бойынша алдын-ала жоспарланып қойған өмірінің астан-кестеңі шығады. Әйел жасанды интеллект саласындағы зерттеуге таңдалған, сондық тан бүкіл әлемге өзінің қабілетін көрсетуге дайындалады. Фильмнің түсірілімі шілдеге жоспарланған.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Дастен Шәкіров

Актер

Құралай Анарбекова

Актриса